Атақты Сәуле Астанаға қайта оралды
Атышулы «Экспо» көрмесінің нышандары бас қаланың орталығына қайта оралды. Сәуле, Қуат пен Мөлдір есімді мүсіндерді ЭКСПО үлкен даудан соң реставрацияға алып кеткен болатын.
Автор: Досжан Маратұлы
27.03.2017
Десе де, шуға қалған атақты Сәуле көбірек өзгеріпті. Тек, киімі ғана емес, шаш үлгісіне дейін жаңарған. Әрі дизайнерлер ажырамас үш досқа аяқ киім кигізіпті. Айта кетейік, «Экспо» көрмесінің нышаны ретінде Елорданың ортасына қойылған мүсіндердің кескін келбетіне қатысты екі ай бұрын дау туған еді. Кейін Сәуле жоғалып, артынан жұрт Қуат пен Мөлдірден де көз жазып қалған болатын. Енді ажырамас достар қайта бір-бірін тапты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!