{metadescription}
Алматыда қар көшкіні болған аймақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда
Алматыда қар көшкіні болған аймақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда

Алматыда қар көшкіні болған аймақтарды тазарту жұмыстары жалғасуда

Күннің жылынуынан таудағы қалың қар еріп, Үлкен Алматы көліне апарар жолдың екі жерінде көшкін жүрген болатын.

ГЭС-1-Құмбел тұсы мен Аюсай шатқалына жалпы көлемі 3 мың текше метр қар құлап, жолды жауып қалған. «Қазселденқорғау» мекемесінің жұмысшылары қармен бірге түскен алып тастарды да тазартып әлек. Құдай сақтап, көшкіннен ешкім зардап шекпеген. Ал төтенше жағдай департаменті Алматының таулы аймақтарында әлі де қауіптің бар екенін ескертуде. Сондықтан Медеу-Шымбұлақ және Үлкен Алматы көліне апарар жолдарға полиция бекеттері орнатылып, жеке көліктер мен туристердің өтуіне уақытша шектеу қойылды.

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қалалық ТЖД баспасөз хатшысы:

-Таулы аймақтардың жамылғылары 1,5-1,67 есе көп болып тұр. Сондықтан алдын-ала 11 профилактикалық қар түсіру іс-шаралары өтті. Ол жару және аваланчер деген құрылғымен өткізілді. Қазір барлық таулар бақылауға алынып, онымен бірге посттар жұмыс істейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.