{metadescription}
Көлік жүргізушілері сақтандыру полисінің қағаз нұсқасынан құтылуы мүмкін
Көлік жүргізушілері сақтандыру полисінің қағаз нұсқасынан құтылуы мүмкін

Көлік жүргізушілері сақтандыру полисінің қағаз нұсқасынан құтылуы мүмкін

Ұлттық банк оны онлайн жүйеге ауыстырып, сақтандырудың кез-келген түрін әр тұрғынға қолжетімді етпек.

Яғни, жоспар бойынша, енді үйден шықпай-ақ ғаламтор арқылы сақтандыру полистерін алуға болады. Қазіргідей қағаз толтыру, клиентке жеткізу және өзімен бірге алып жүру сияқты машақат болмайды деп отыр жоба авторлары. Сақтандыру полисінің қағаз нұсқасын көлік иелеріне де алып жүрудің еш қажеті болмайды екен. Полицейлер оны арнайы аппараттарының көмегімен өздері анықтайды. Дегенмен, жаңа жобаны алдымен Парламент мақұлдауы тиіс.

Жанат Құрманов, ҚР Ұлттық банкі сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры:

Заң жобасы Парламентке қыркүйекте ұсынылады. Ал оның нақты қашан іске асырылатынын ашып айта алмаймын. Себебі ол шығарылған шешімге байланысты. Парламент мақұлдаса, қағазбастылық азайып, сақтандыру полисін алу жеңілдейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде