Шымкентте Тоқтар Төлешовтің жүргізушісі сотталды
Шымкентте Тоқтар Төлешовке қатысты іс бойынша соңғы адам сотталды. Бірнеше жыл бойы «сыра королінің» жүргізушісі ретінде тіркеліп, қылмыстық топтың құрамында болды делінген Руслан Іргебаев енді үш жылын түрмеде өткізуі тиіс.
Автор: Бек Әбиев
28.03.2017
Тергеу басталған сәтте онкологиялық сырқатына байланысты ота жасатқан 35 жастағы азамат осыған дейін ауруханада жатқан. Сондықтан үкімін өзге сыбайластарынан кеш естіген Іргебаевты сот «қылмыстық топтың құрамында болғаны үшін», «адам ұрлау» және «кісі қинау» баптары бойынша кінәлі деп тапты. Ал үкімнің жұмсақтығын судья Руслан Іргебаевтың адамды қинауға тікелей қатыспағанымен түсіндіреді. Яғни ол Төлешовтің баскесерлерін тасымалдап қана жүріпті. Айта кетсек, Шымкент сырасының қожайыны болған Тоқтар Төлешов 16 түрлі ауыр қылмыс бойынша айыпталып, былтыр қарашада 21 жылға сотталған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!