{metadescription}
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында төтенше жағдай жарияланды
Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданында төтенше жағдай жарияланды

Мұнда Басықара су торабында мұз кептеліп, Сырдария өзені арнасынан асып жатыр. Салдарынан бірнеше ауылды су басып қалған.

Адасып аққан су тіпті шаруа қожалықтарын да шайып кеткен. Қазір өзеннің тасуына себеп болған мұз еріп, жағдай тұрақталыпты. Тұрғындар мен төрт түлік түгел құтқарылды дейді шенеуніктер. Қазір әкімдік дереу төтенше жағдай жариялап, қызыл су келтірген шығынды есептеп жатыр. Бұдан бөлек, еліміздің тағы екі облысында тасқын болуы мүмкін.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

-Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облысына тасқыннан қауіп төніп тұр. Ауа райын ескерсек, бұл аймақтарда сәуірдің 6-сы мен 9-ы аралығында күн күрт жылынады. Сондықтан сақ болған жөн. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.