{metadescription}
Ақтөбедегі газ тапшылығына байланысты ауқымды тексеріс басталды
Ақтөбедегі газ тапшылығына байланысты ауқымды тексеріс басталды

Ақтөбедегі газ тапшылығына байланысты ауқымды тексеріс басталды

Ақтөбедегі газ тапшылығы Үкіметке жетті. Энергетика министрі көгілдір отын жетіспеушілігіне алыпсатарларды кінәлап отыр. Аймаққа бөлінген сұйық отынның қайда кеткеніне аң-таң болған Бозымбаев Ақтөбеге комиссия да жіберіпті. Олар енді кінәлі анықтап, бар пәлені Астанаға жапқан жергілікті шенеуніктердің ісін май шаммен қарамақшы. Қазір Ақтөбеде ғана емес, бірнеше облыста көгілдір отын қат өнімге айналып, бағасы да қымбаттап кеткен.

Ақтөбенің жанармай бекеттеріндегі кезек бір аптадан асты әлі бітер емес. Өйткені көгілдір отын зым-зымия жоқ. 3 станция ғана газдың литрін 49-50 теңгеден сатып жатыр. Қалғаны қолыңда талон болмаса маңайына жуытпайды. Сондықтан әбден діңкелеген жүргізушілер газды қымбатына құюға мәжбүр.  

-Қазір 65 теңге. Ең төмені 63...

Қойнауы қазба байлыққа толы Ақтөбе газдан тарығып отырғанда, баға өзге өңірлерде қымбаттап шыға келді. Мәселен, Шымкентте күні кеше 60-тан сатылған көгілдір отын қазір 65 теңге. Шымкенттік шенділер мұны жергілікті мұнай өңдеу зауытының жөндеуге жабылғанымен түсіндіріп отыр.

Нұралхан Шәріпов, ОҚО «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық» басқармасының бөлім басшысы:

-Біздің облысқа газ Ақтөбедегі «CNPC» зауытынан және Павлодардағы мұнай химия зауытынан келіп отыр. Сәйкесінше оның жол шығындары оларға қымбатқа түсіп отырғанға  ұқсайды.

Ал, Энергетика министрі газ тапшылығының қолдан жасалғанына  сенімді. Өйткені, Ақтөбеге айына 5 мың тоннадан астам сұйытылған газ бөлінген. Бұл жүргізушілерді толық қамтамасыз етуге жеткілікті. Бірақ, сол тонналаған көгілдір отынның қайда кеткенін министрдің өзі білмей аң-таң.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Осы наурыз айында 5 мың тоннадан аса газды сатып алды. Бірақ оны қайда жібергенін тексеру керек. Сондықтан мен екі лауазымды адамымды Ақтөбе облысына жібердім.

Яғни, сұйық отынды делдалдар сатып алып, бағасы әлдеқайда қымбат нарыққа, тіпті шетелге алып кеткен болуы мүмкін. Соның кесірінен тапшылық болып жатыр. Бұған ашуланған премьер-министр бас пайдасын ойлап, бағамен ойнағандарды жазалауға пәрмен берді.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премьер-министрі:

-Бұл мәселе бүгін ғана пайда болған жоқ.  Жылда осы. Не газ жетпей қалады не болмаса бензин жетпей қалады. Егер де, алдын ала алған газды сатпай ұстап отырса немесе шетелге шығаратындай іс-қимылдар жасаса тиісті шаралар қолдану қажет.

Осылайша, мұнай мен газға бай Ақтөбедегі көгілдір отын жетіспеушілігінің себебін прокурорлар мен жемқорлыққа қарсы Ұлттық бюро да, дереу анықтауға кірісті. Астанадан аттанған Энергетика министрлігінің өкілдері де, жауапты шенеуніктердің құжаттарын мұқият қарап, олардың алыпсатарлармен байланысы бар-жоқтығын да тексеріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.