Жас ғалымдар Жаңа жібек жолындағы Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін талқылады
Тұңғыш Президент қорының ұйымдастыруымен өткен дөңгелек үстелде еліміздің көршілес елдермен сауда-экономикалық қатынастары кеңінен сөз болды.
Автор: Ербол Тұрымбет
29.03.2017
Ғылыми басқосуға жас ғалымдардан бөлек, НАРХОЗ университетінің ғылым кандидаттары мен докторлары да қатысты. Олар бір ұжым болып Білім және ғылым министрлігінің Жаңа жібек жолына байланысты арнайы бөлінген үш жылдық гранттық жобасын ұтып алған. Ғалымдар сол жоба арқылы еліміздің Жаңа жібек жолындағы өзге мемлекеттермен экономикалық байланыстарын жан-жақты қарастыруда. Осы бағытта жасалған ғылыми зерттеулердің қорытындылары отырыста талқыға салынды. Онда Жібек жолы жобасы бойынша сауда-саттықтан түсетін пайдадан бөлек, экологиялық мәселелер мен жергілікті тұрғындарға тигізетін кері әсерлері де назардан тыс қалмаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!