{metadescription}
0:000:00
Оңтүстікте темекі шығаратын жасырын зауыт әшкереленді

Оңтүстікте темекі шығаратын жасырын зауыт әшкереленді

Қаңырап бос тұрған ғимаратта, қыруар қаржы жасаған. Оңтүстік Қазақстанда тәулігіне 500 мың дана темекі шығарған астыртын зауыт әшкереленді. Пысықайлар бір жылдан бері осылай Ақсукент ауылында заңсыз кәсіптерін дөңгелетіпті.

Бұл жерде оншақты адам жұмыс істепті. Ал өнімдері еліміздің барлық өңірлері мен Қырғызстанда саудаланған. Бағасы да едәуір арзан екен. Сондықтан үлкен сұранысқа ие. Оңай олжаны көздегендер соның арқасында бір жылда шамамен 1 жарым миллиард теңге пайда тауыпты. Зауытты тінту барысында ірі көлемдегі жалған акциздік маркалар, 20 тоннадан астам темекі жапырағы, дайын өнімдер, 200 мыңнан аса шылым қорабы мен қаптамалар тәркіленді. Осы өндіріске қажетті құрал-жабдық түгелдей Қытайдан әкелінген екен. Қазір көлеңкелі бизнеспен айналысқан қылмыстық топ, яғни 10 адам ұсталып, тергеу амалдары жүргізілуде. 

Артур Барамышев, Мемлекеттік кіріс комитетінің өкілі:

-Шылымның әр қорабы дүкендерге 250 теңгеден өткізіліген. Сондықтан біз заңсыз айналымға түсіп кеткен өнімдерді жан-жақты іздестіріп жатырмыз. Ал оның заңсыз жолмен дайындалғанын қарапайым азамат ажырата алмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде