{metadescription}
Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары наразылық білдірді
Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары наразылық білдірді

Ақтөбеде саңырау балалардың ата-аналары наразылық білдірді

Өйткені бөбектерінің құлағындағы дыбыс ұлғайтқыш қондырғыны шенеуніктер қайтаруды талап еткен. Онсыз жаңасына ауыстырмаймыз депті. Бірақ жаңаның өзі қашан берілетіні белгісіз. Сондықтан, жаңа аппаратты қолға алмай, ескісін өткізбейміз деп отыр.

Ұлы мен қызының құлағындағы бұл қондырғыны Гүлнар Тәжібаева қараусыз қалдырған емес. Сым мен темірден жасалған техника керең болып туылған құлыншақтарының жұрт қатарлы өмір сүруіне септігін тигізіп отыр. Егер оны бір сәтке алып тастаса кішкентайларының кәдімгідей күйзеліске түсетінін айтады.

Гүлнар Тәжібаева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Қиналады. Ашуланады. Не істеймін енді?Қолдан келер қайран жоқ.

Гүлнардың бөбектері секілді Ақтөбеде бас сүйегіне имплантант салынып, есту қабілеті қондырғы арқылы түзелген 70-тен астам бала бар. Қазір олардың ата-аналарының мазасы қашқан. Өйткені бағасы үш жарым миллион теңге тұратын магнитті аппаратты тегін ауыстыру үшін шенеуніктер алдымен ескісін тапсыруды талап етіпті. Бірақ баланы жаңа қондырғыға бейімдеуге бірнеше ай керектігін ескермеген. Әрі, бұзылса алмастырып тағатыны тағы жоқ.

Қамат Төлеубайұлы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Егер ол бас тартса қалтадағыны алып пайдалана тұрады ғой. Оның ішінде бағалы металл жоқ. Жаны ашымай отыр. Шенеуніктердің    балалары ауырса жүгіріп кетер еді. 

Ал атқамінерлер жаңа жылдан бастап күшіне енген мүгедектерге қатысты заңға сілтейді. Өйткені онда есту құрылғыларын жаңалағанда тендерді ұтып алған мекемеге ескісін қайтару керек делінген.

Рита Сиражетдинова, Ақтөбе облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы:

-Заңнан аттап кете алмаймыз. Бұл мәселе тек Ақтөбеде емес, республика бойынша көтерілді. Бірақ әзірге еш шешімін тапқан жоқ. Сондықтан есту құрылғысын жаңалау үшін ескісін компания қайтарып алады.

Cаңырау балалардың ата-аналары заңды қабылдаған депутатардан бастап, жуапты министрліктерге дейін арыздарын боратып жатыр. Бірақ әзірге ешбірінен жауап алмаған. Сондықтан өтініштерін елемей жатқандарға да есту аппаратарын алса артық болмас дегенді айтады. Ашынған ата-аналар бұл мәселені түсіну үшін атқамінерлерге бір күн бойына құлақтарын мақтаман бітеп жүруге де кеңес берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде