{metadescription}
Депутаттар мұғалімдерді тестілеуден босатуды талап етті
Депутаттар мұғалімдерді тестілеуден босатуды талап етті

Депутаттар мұғалімдерді тестілеуден босатуды талап етті

Ұстаздарды ҰБТ-ны ұйымдастыру жұмыстарынан  босату керек. Депутаттар мұғалімдерді жазғы каникул кезінде ұлттық тесттің шаруаларына жұмсауды доғаруды талап етті.

Қазір Білім министрлігі ҰБТ-ның ұйымдастыру жұмыстарына мектептерді жауапты етіп бекіткен. Яғни, ұстаздар түлектерді жинап, емтихан өтетін жерге дейін көлікпен жеткізуге, оларды тамақпен, тіпті, қонақ үймен қамтуы  тиіс. Ал бала қолына аттестат алған соң оның мектепке еш қатысы жоқ. Яғни, бұл мұғалімдердің міндеті емес. Сондай-ақ, емтиханның қорытындысына сай мектептердің рейтингін анықтау да әділетсіз дейді депутаттар.

Ирина Смирнова, Мәжіліс депутаты:

-Білім министрі жақында ұстаздарды қоғамдық жұмыстардан босату керек деп айтты. Бірақ, іс жүзінде өз сөзіне өзі қарсы шығып жүр. Ұстаздар ҰБТ ұйымдастыру үшін жазғы демалыстан құр қалады. Ал түлектер жоғары оқу орнына түсу үшін емтихан тапсыра ма, әлде  тестке келмей қала ма, ол  өз еркі болуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде