Еліміздің бірнеше аймағында дауыл тұруы мүмкін
Төтенше жағдай қызметі алдағы тәуліктерде ауа райының күрт өзгеретініне байланысты ескерту жасап, алыс жолдарда абай болуға шақырды.
Автор: Аруна Ортай
29.03.2017
Алдағы үш тәулік бойы оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні күшейіп, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар облыстары мен Астанада боран соғады деп күтілуде. Температураның күрт төмендеуінен көктайғақ болып, қалың тұман басады. Көктем оңтүстік аймақтарды да біраз әбігерге салғалы тұр. Синоптиктердің болжауынша, Алматы, Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында жауын-шашын көп мөлшерде түсіп, таулы аймақтарда қар көшкіні жүруі мүмкін. Осыған байланысты төтенше жағдай қызметі тауға шықпауды ескертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!