{metadescription}
Ақмола облысында бүтін бір ауылды жайлаған  топан су үйлерге кіре бастады
Ақмола облысында бүтін бір ауылды жайлаған  топан су үйлерге кіре бастады

Ақмола облысында бүтін бір ауылды жайлаған топан су үйлерге кіре бастады

Күллі елге әлеуметтік түйткілдерімен танымал Қояндыны да топан су басып жатыр. Астанадан 10 шақырым жердегі ауылда еріген қар суы бірнеше үйге кіріп үлгерген. Ашынған жұрт әкімдіктен түк қайыр жоқ деп отыр. Сондықтан техниканы өз ақшасына  жалдауға мәжбүр. Көктем келсе бейнеті көбейетін халық күннің жылынуын үлкен қауіппен күтеді.

Еріген қар суы осылай шағын көлшікке айналған. Арыны қатты ағынды тежеу үшін жұрт қапшыққа құм толтырып өздігінше бөгет жасап қойыпты. Бірақ  ағатын арық таппай төңіректі жайлаған су үйлерге кіріп жатыр. 

- Кептіріп үлгере алар емеспін. Насосты қосқанбыз. Ол қашанға дейін шыдар дейсің.

Сол насоспен тұрғындар ауладағы суды шлангімен далаға төгуге мәжбүр. Әйтпесе, үйдің іргетасы ылғал тартып мүжіле бастаған. Мына, адам бойынан асатын тау боп үйілген қар Қояндыдан қыс бойы тазартылмаған сияқты. Бейнеті бес батпан жұрт ақ ұлпа күн жылынғанда ғана шығарыла бастады дейді. Сондықтан әкімдеріне өкпелері қара қазандай. 

Алтынаш Мартгүл, Қоянды ауылының тұрғыны:

-Үйде төрт балам бар. Не үйден шыға алмай не кіре алмай қалдым. Бүкіл бөлмемді су алып қойды. Бұл жақтан неге үй саласыңдар деді маған. Үй салуға жерді әкімдік сатқан жоқ па?Трактор шақырайық десек , ақшамыз жоқ. Қарызға шақырдық бір тракторды. Әкімдіктен ешқандай көмек жоқ.

Ал әкім кінәні өзінен емес, табиғаттан көреді. Яғни, биыл қар шамадан көп түсті деп отыр.

Өмірсерік Ержанов, Қоянды ауылдық округінің әкімі:

-Техникамен суды сорып жатырмыз. Мәселенің қиын екенін білеміз. Енді үйлерді су басып қалмасы үшін қолдағы бар күшті жұмылдырдық. Жағдай бақылауда. 

Бір-бірін арқалап жүрген қояндылықтар қазір үрей құшағында отыр. Өйткені күн жылынса, ахуалдың одан бетер ушығатыны анық. Астана іргесіндегі ауылды айтпағанда, қызыл су қазір бас қаланы да әлекке салуда.

- Міне бұл  Абат Байтақ көшесі...

Әсіресе, Елорданың жеке секторындағы жұрттың жағдайы қиын. Себебі коммуналдық мекемелер жиналған суды сорып үлгере алар емес.

Ал коммуналдық мекемелер алдымен мектеп, балабақша аурухана сияқты әлеуметтік нысандар орналасқан аумақтағы суды сорып жатыр. Астана көшелеріне жүздеген техника шығарылғанымен, оның көп жерге жетіп үлгермесі анық. Сондықтан шенеуніктер, әсіресе жеке сектордың тұрғындарына ауласын қардан тазартып, әкімдікке ауыз ашып отырмауға кеңес береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде