Алматылық дәрігерлер ауыр науқасты емдеудің жаңа тәсіліне көшті
Алматыда ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілгендердің өлу дерегі азая бастады. Бұған дәрігерлердің жарақатты бақылау принципімен жұмыс істей бастағаны себеп.
Автор: Диас Нұрақын
30.03.2017
Яғни жол апатына немесе басқа да оқыс оқиғаға тап болған азаматтарға бірден бірнеше дәрігер көмек көрсетеді екен. Мәселен, ақ халаттылардың бірі науқастың сынық жарақатына жауап берсе, екіншісі ішкі ағзаларының зақымданған жерлерін емдеуге кіріседі. Осы арқылы соңғы бес жылда қосарланған жарақатпен ауруханаға жеткізілген науқастардың өлім деңгейі 28-ден 10 пайызға дейін азайған.
Абылай Баймаханов, С.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің хирургиялық аурулар бөлімінің меңгерушісі:
-Науқастың түсетіні жайлы хабар алғаннан кейін қабылдау бөлімінде күтіп тұрады. Науқас келгенде дереу қарап, мамандандырылған жоғарғы медициналық көмек көрсетеміз. Кей науқастар реанимация бөліміне жатқызылады шоктан шығару үшін. Қажет болса қабылдау бөлімін басып өтіп дереу операциялық блокқа беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!