{metadescription}
Оңтүстік Корея президенті түрмеге жабылуы мүмкін
Оңтүстік Корея президенті түрмеге жабылуы мүмкін

Оңтүстік Корея президенті түрмеге жабылуы мүмкін

Тақтан тайдырылған президент, темір тордан бір-ақ шығуы мүмкін! Бүгін Оңтүстік Корея соты Пак Кын Хенің ісін қарауды бастады. Экс-президентті қамауды сұрап жатқан прокурорлар оған 13 бірдей бап бойынша айып таққан. Оның ішінде жемқорлық, билігін асыра пайдалану, мемлекеттік құпияны жария ету сынды ауыр қылмыстар бар. Президентпен бірге оның жақын құрбысы Чхве Сун Силь мен «Самсунг» компаниясының басшылығы да істі болып жатқанын айта кетейік.  

Таңда басталған сот процессі күні бойы жүріп, бірер сағат бұрын ғана аяқталды. Өйткені жауап беріп жатқан қатардағы жемқорлар емес. Жуырда ғана тағынан импичментпен тайдырылған экс-президент Пак Кын Хе. 13 бап бойынша айып таққан прокурорлар оны түрмеге қамауды талау етуде.

Лю Гю Чхоль, прокурор:

Жемқорлыққа қатысты экс-президент Пакқа айып тағылған. Сонымен қатар, билігін асыра пайдаланып, мемлекеттік құпияны жария еткен. Дәлелдер бар. Енді сот алдында жауап беріп жатыр.  

Пак Кын Хенің басына қара бұлт былтыр күзде үйірілді. Жақын құрбысы Чхве Сун Силь мемлекетке қатысты маңызды шаруаларға араласып, пара алды деп айыпталған соң, таяқтың ұшы президенткен де тиген болатын. Елде жаппай ереуілдер басталып, Пак Кын Хе ақыры тақтан ауып түсті.

Чхои Се Чин:

–Шеруге президенттің жұртқа өтірік айтып келгені үшін келдім. Ашуға булығып тұрмын. Оның ісі толық қаралып, кінәлілер міндетті түрде жазалануы тиіс.

Чхве Сун Силь президентпен достығын пайдаланып, ірі компаниялардан ақша да бопсалаған. Қомақты қаржы аударып, басы бәлеге қалғандардың бірі - «Самсунг» корпорациясының вице-президенті Ли Чжэ Ен. Әлемге әйгілі алпауыт компания басшысы да қазір қамауда отыр.

Пак Ен Су, Оңтүстік Корея прокуратурасының тәуелсіз кеңесшісі:

Самсунг компаниясының вице-президенті ел президенті мен оның танысы Чхве Сун Сильға пара беріп, қолдауын сатып алған. Бұл іске корпаративтің стратегия басқармасының жетекшісі Чой Джи Сунгтың да қатысы бар.

Осылайша Пак Кын Хе Оңтүстік Корея тарихындағы биліктен импичмент арқылы қуылған бірінші басшысы болып отыр. Енді ұзақ уақыт бостандық көрмеуі де мүмкін. Сот процессінің өзі бүгін-ертең бітпесі анық. Ал жаңа басшысы кәрістер 9-ші мамырда сайлайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.