{metadescription}
Алматының Арбаты түбегейлі өзгермек
Алматының Арбаты түбегейлі өзгермек

Алматының Арбаты түбегейлі өзгермек

Бүгін сәулетшілер оның жаңа жобасын көпке таныстырды. Енді бұл алаңда жасыл-желек пен субұрқақтар көбейіп, балалар алаңқайы болады. Ал Арбатты қайта жаңғыртуға бюджеттен бақандай 3 миллиард теңге жұмсалмақ. Құрылыстың кәсіпкерлер мен тұрғындарды да шығынға батыратын түрі бар. Өйткені әркім өзіне тиесілі нысанның сыртын өз ақшасымен әрлеуге міндетті екен.

Арбаттың қазіргі кейпі белгілі дат сәулетшісі Ян Гейлге ұнамай қалған екен. Сөйтіп, ол алаңды қайта жаңғырту туралы кеңестерін айтып кетіпті. Міне, соның негізінде жасалған жоба бүгін көпшілікке таныстырылды. Енді бұл жер адам танымастай өзгермек.

Роман Шнайдерман, жоба авторы:

-Мақсат – Алматыны жаяу жүргіншілер қаласына айналдыру. Велосипедшілерге де жағдай жасалады. Оларға кедергі келтіретін ернеулерді алып тастаймыз. Демалатын жаңа орындар ашылады.

Сондай-ақ, кәрі ағаштардың орнына жаңасы егіледі. Субұрқақтарды көбейтіп, балалар алаңқайын салу да жоспарланған. Бұған қоса, осы Жібек жолы көшесінде күміспен қапталған жолақтар пайда болады. Ол Жібек жолының тарихынан сыр шертеді екен. Мұндағы әбден ескірген көпқабатты үйлердің сырты да жаңаруы тиіс. Тек оны тұрғындар өз қаржысына жасауға міндетті.

Жанат Айтілеу, Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Қазір нарық заманы. Сондықтан, әр ғимараттың өзінің иесі бар. Жұмыстың бәрі сол иелерінің есебінен жүргізілуі керек болады.

Есесіне, Арбаттағы суретшілер мен өнерпаздарға қолайлы жағдай жасалмақ. Мұндағы қоғамдық орындар да ретсіз орналасқан. Оның кейбірі сүріліп те жатыр.

Енді, мұндағы қалған қоғамдық орындарды иелерінің өзі талапқа сай жаңартуы тиіс. Десе де, бұл жолы сүруден аман қалған нысандардың қуануына әлі ерте.

Жанат Айтілеу, Алматы қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

-Панфилов көшесінің бойымен жеңіл рельсті трамвай жүруі керек. Әрине, сондықтан жалғыз «Компот» емес, оның төмен жағында тұрған ғимарат та құлатылуы керек.

Арбат 5 жыл бұрын да жөнделген. Бірақ жұмыс сапасыз болып шықты. Сол кезде орнатылған тас төсеуіштер қазір қирап жатыр. Дегенмен, шенеуніктер бұл жолы олқылық болмайды деп сендіріп отыр.

Ал, әзірге бұл жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр. Одан кейін құрылыс та басталмақ. Шенеуніктер оған бюджеттен 3 миллиардтан астам қаржы жұмсауға дайын. Сөйтіп, жаздың соңына дейін Алматының Арбаты түбегейлі өзгереді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.