Оңтүстікте жүрген сенаторлар шекарашылардың жұмысымен танысты
Қарулы күштердің жай-күйін тексеріп жүрген Дариға Назарбаева бастаған сенаторлар тобы бүгін оңтүстіктегі шекара шебін бақылап қайтты. Сарыағаш шекара жасағының «Жібек жолы» өткізу пункті мен «Дархан» заставасына барған депуттаттарға ондағы әскерилер соңғы ерліктерін айтып мақтанды.
Автор: Бек Әбиев
30.03.2017
Яғни тәулігіне 20 мың адам өтетін бекетте жыл басынан бері шекарашылар есірткі тасымалына қатысты 13 оқиғаның алдын алған. Заңсыз өткісі келетіндер де жетерлік екен. Бұдан соң мәртебелі меймандар сарбаздардың асханасынан дәм татып, застава аумағында алма ағаштарын да отырғызды. Сонымен қатар, екі күндік сапарында күнгейдегі әскери бөлімдердің жайын егжей-тегжейлі тексерген Дариға Назарбаева бастаған топ, шекарадағы өткізу бекеттерінде АҚШ пен Еуропа елдеріндегідей Қазақстан азаматарына арналған арнайы бекеттерді құруды ойластырмақшы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!