{metadescription}
Павлодарда заңсыз ойын автоматтарын ұйымдастырып келген қылмыстық топ ұсталды
Павлодарда заңсыз ойын автоматтарын ұйымдастырып келген қылмыстық топ ұсталды

Павлодарда заңсыз ойын автоматтарын ұйымдастырып келген қылмыстық топ ұсталды

Бұл іспен шұғылданған он бір азаматтың біреуіне қазір іздеу жарияланған. Ал он күдікті қолға түсті.

Пысықайлар ойынханаларды көбіне жертөлелерде ұстап келген. Заңсыз бизнес жүргізген олардан лотерея түрінде жұмыс істеген 300-ден аса құрылғы тәркіленді. Олар автоматтарды шаһардағы дүкендер мен ойын клубтарына да орнатыпты. Он бір адамнан құрылған топ мүшелері ісін алға өрлету үшін арнайы есепші мамандарды жалдаған. Қазір бұл іске қатысы бар өзге қызметкерлерден де түсініктемелер алынуда. Қылмыстық топ мүшелерінің арасында бұрынғы спортшылар да бар екен. Оларды құрықтау үшін ұзақ уақыт аңдыған прокурорлар заңсыз тапқан табыс көлемі тым көп дейді.

Ержан Бөлегенов, Павлодар қаласының прокуроры:

-Тек тәркіленген құжаттар бойынша, қылмыстық топ мүшелері екі жарым жыл ішінде 2 млрд 6 миллион теңге табыс тапқан. Оның 1млрд 250 миллионына жеке мүлік сатып алыпты. Қазір күдікті он адамның ісі сотқа жіберілген. Тағы бір адамға іздеу жарияланды

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде