{metadescription}
Депутат Өксікбаев бюджет ақшасын тиімді жұмсай алмағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті
Депутат Өксікбаев бюджет ақшасын тиімді жұмсай алмағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Депутат Өксікбаев бюджет ақшасын тиімді жұмсай алмағандарды қылмыстық жауапқа тартуды талап етті

Бюджет ақшасын тиімді игере алмағандар түрмеге жабылуы мүмкін. Депутаттар қазына қаржысын босқа рәсуа қылған шенеуніктерге қатысты қылмыстық іс қозғауды ұсынды.

Өйткені, министрлер жыл сайын шығындарын тізіп, Парламентке бюджетті бекіттіріп алады да, соңында миллиондар игерусіз қалады екен. Салдарынан мемлекеттік бағдарламалар уақытылы аяқталмай, құрдымға кетіп жатыр. Бұл жылда қайталанатын үрдіс. Ал оның зардабын жұрт көруде. Атқамінерлердің салғырттығынан елімізде баспана, аурухана мен балабақша, мектеп сынды тұрғындарға ауадай қажет әлеуметтік нысандар салынбай қалады. Бірақ, ол  үшін жауаптылар ары кетсе ескерту алады. Енді мәжілісмен Омархан Өксікбаев қолда бар ақшаны ұқсата алмаған министр, әкімдер мен олардың орынбасарларына қатысты қылмыстық іс қозғау қажет деп отыр.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Бір де бір мемлекеттік басшы, бірінші басшы жауапкершілікке тартыла қойған жоқ. Сондықтан қылмыстық кодекске өзгеріс енгізу керек. Сөйтіп бюджет ақшасын шашатындарды қатал жазалау керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде