Қарағанды облысында екі бірдей ауданды топан су басты
Қарағанды облысында да екі бірдей ауданда жаңбыр мен күрт еріген қар суы араласып, елді мекендерді басып жатыр. Қызыл су Қарқаралы және Шет аудандары тұрғындарының үйлеріне дейін кірген.
Автор: Саят Сабдалы
30.03.2017
Қарқаралыдағы Нүркен ауылының жұрты қызыл су ауыл маңындағы жол бойымен де қатты ағып, мал-жанға қауіп төндіріп тұр дейді. Шет ауданындағы Ағадыр кентінде де осындай жағдай. Мұнда қырдан аққан тасқын ауылды тұтастай басып қалған. Тізеден асатын су тұрғын үйлер мен ғимараттарды да алып жатыр. Төтеншеліктер қазір [Якорь] тайлы-тұяғы қалмай осы аудандарда жүргендерін айтады. Бірақ алдағы уақытта күн райының қалай құбылатынын болжай алмаймыз дейді құтқарушылар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!