{metadescription}
Медицина мамандары ішекті емдеудің жаңа тәсілін қарастыруда
Медицина мамандары ішекті емдеудің жаңа тәсілін қарастыруда

Медицина мамандары ішекті емдеудің жаңа тәсілін қарастыруда

Олардың айтуынша, қазір елімізде әрбір үшінші адам түрлі асқазан ауруларына шалдыққан. Салдарынан ішек сырқаты ең қауіпті дерттердің қатарын толықтырып отыр. Осыны ескерген дәрі шығарушы «Тева» компаниясы сонау Мәскеуден ғалымдарды шақыртып, аталған ауруды емдеудің жаңа жолдарын іздей бастады. Компания жас дәрігерлерді осы дертті дұрыстап емдеуге де үйретпекші.

Алақандай ғана асқазанда миллиондаған бактерия бар. Таразыға салса, салмағы кем дегенде бір жарым келіден асады екен. Көбі пайдалы. Ал олар азайса болғаны, түрлі ауруға шалдыға бастайсыз. Оны емдеудің ең тиімді жолы – метабиотиктер дейді мамандар. 

Леонид Щербаков, медицина ғылымдарының докторы, профессор (Ресей)

-Микробиот – ағзаға өте қажетті зат. Ол пайдалы бактерия саналады. Ол адамның түрлі ауруларға қарсы тұруына көмектеседі. Оны пайдаланып тұрмаса, адам ішек ауруларына шалдығып, іш өтуі жиілейді. Оның жетіспеушілігі тіпті ішек рагына да әкелуі мүмкін.

Леонид Щербаков – Ресейдің танымал профессоры. Ішек ауруларын 30 жылдан бері зерттеп келеді. Айтуынша, кез-келген ем ағзаға кері әсерін тигізбеуі керек. Сол себепті де, ішекті емдегенде құрамында бактерия емес, метабиотиктер бар дәріні қабылдаған дұрыс. 

Cәуле Диқанбаева, профессор:

-Көп адамдар өз бетімен емделіп, ауруды асқындырып алып жатады. Сатып алған дәрісі дұрыс болмай шығады. Сол себепті ең бірінші дәрігерге қаралу керек. Сосын барып дәрігер жазып берген препаратты қолданған дұрыс.

Асқазан ауруларын бірден басатын әрі пайдалы бактерияға бай метабиотиктер Қазақстанға да келді. Оны «Тева» компаниясы ұсынып отыр. Оның тіпті басқа дәрілер секілді кері әсері де жоқ екен. Бұдан бөлек 247 түрлі дәрі шығарып отырған фармацевтикалық фирма метабиотиктердің сапасына да кепілдік береді.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде