{metadescription}
Атырауда Зинеден Зидан өсіп келеді
Атырауда Зинеден Зидан өсіп келеді

Атырауда Зинеден Зидан өсіп келеді

Тегі атақты футболшының атына, ал есімі соның тегіне ұқсас шақалақ бір ай бұрын ғана дүниеге келген. Жуықта қырқынан шығатын кішкентай Зиданның есімін футбол десе ішкен асын жерге қоятын өз атасы қойыпты.

Дүниеге келе сала танымал болған сәбидің 8 жастағы Айзере есімді әпкесі мен 6 жастағы Даниял атты ағасы бар. Атасы Зиданның есімін кезінде  осы Даниялға бермек болған екен. Бірақ ауырып қалып, қоя алмапты. Өзі атақты футболшының жанкүйері болған соң үшінші немереге ойланбастан-ақ осы есімді берген. Оған Зиданның ата-анасы да қарсы болмапты. Салмағы – үш жарым келі, бойы 52 см болып дүниеге келген Зиданның әкесі – инженер, анасы – есепші. Өздерінің айтуынша, «Зидан» сөзі араб тілінен аударғанда «үнемі өсетін адам деген» мағынаны білдіреді екен. Атасы да есімі ерекше немересінің өмірі де өзгеше болады деген сенімде.

Қуанышқали Зинеденов, Зиданның атасы:

-Атағымыз шықсын деп жатқан жоқпыз. Енді мұсылманның аты болған соң қойдым. Зидан сияқты футбол алаңында жарқырап жүрсе арманымыз жоқ қой!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде