{metadescription}
«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы мемлекеттік тапсырысқа қанша ақша бөлгенін айтты
«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы мемлекеттік тапсырысқа қанша ақша бөлгенін айтты

«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы мемлекеттік тапсырысқа қанша ақша бөлгенін айтты

Бюджеттің миллиондарды ұтып алған Үкіметтік емес ұйымдар қатаң бақылауда болады. Бүгін қоғамдық қорларға гранттардың қалай бөлінгенін айтқан «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы ұйымдарға жобасын іске асыру үшін жыл соңына дейін уақыт берілгенін айтты. Жалпы биыл мемлекеттің қаржыландыруы тек 40-тан астам ұйымға бұйырыпты.

«Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығы елімізде осымен екінші рет конкурс өткізіп отыр. Оған биыл 200-ден астам үкіметтік емес ұйым қатысқан. Жобалары үздік деп танылған тек 42 қоғамдық қорға гранттар бұйырып, оларға 600 миллион теңге үлестірілген.

Нұрлан Өтешев, «Азаматтық бастамаларды қолдау» орталығының жетекшісі:

- Жұмыс жүріп жатыр. Шаруалар әрі қарай да жалғаса беретін болады., Ертеңнен бастап 5-7 ай бойынша жұмыстарын істейді.

Грантты жеңіп алған үкіметтік емес ұйымдарға артылған міндет көп.  Жемқорлықпен күрес, балаларды қорғау, жарымжандар мен жетімдерге көмек, тарих пен мәдениетті жаңғырту секілді қолға алған шаруаларын бітіруі тиіс. 

Зиябек Қабылдинов, «Халықаралық келісім» қоғамдық қорының директоры:

-Жобамызды беріп едік, ұтып алдық. Біздің басты тақырыбымыз "Алаш" қозғалысының 100 жылдығын насихаттау зерделеу. Екінші ҚР-да КСРО елдерінде 80 жыл бұрын болған саяси қуғын сүргінді насихаттау.

Жалпы азаматтық қоғамды дамытып, әлеуметтік түйткілдерді шешу үшін билік Үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландыруды мықтап қолға алғаны белгілі. Былтыр бұл қаржының көлемі 200 миллион болса, биыл үш есе көбейген. Сәйкесінше, ұйымдардың да саны соңғы кездері еселеп артыпты. Ал, қыруар ақшаның тиімді жұмсалуын Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы қатаң бақылап отырмақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.