ЭКСПО кезінде өтетін мәдени және спорттық шараларға бюджеттен 9 миллиард теңге бөлінбек
Бұл қыруар қаржыға отандық және шетелдік әншілердің концерті, спектакльдер мен көрмелер ұйымдастырылады. Өнерпаздардың жол шығыны, тамағы мен жатар орнына төленетін ақшаны да мемлекет өз мойнына алған.
31.03.2017
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Ақшаның 90 пайызы барлығы отандық ұжымдардың шығынына жұмсалады. Ал "Ла-Скала" болсын театр, музей яғни болсын, басқа музей болсын басқа да ұжымдарға демеушілер де көмектеседі.
Атақты "ЛА СКАЛАдан" бөлек әлемнің маңдайалды өнер ұжымдары Астанаға келмек. Сонымен қатар Қытайдағы байқауда күллі әлемге танылған жас әнші Димаш Құдайбергеннің 27-ші маусымда концерті өтеді. Бұл кешке Лара Фабиан мен ағайынды Валерий Константин Меладзелер қатысады. Билеттер екі аптадан соң сатылымға шықпақ. Жалпы Мәдениет министрлігі 10-шы маусымнан қыркүйек айына дейін 3 мыңға тарта мерекелік ойын сауықтар әзірлеп қойған. Сонымен қатар, этно ауыл бой көтеріп, қазақтың ұлттық ойындары ойнатылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!