{metadescription}
Храпуновтардың ісі АҚШ-та қаралатын болды
Храпуновтардың ісі АҚШ-та қаралатын болды

Храпуновтардың ісі АҚШ-та қаралатын болды

Калифорния штатының апелляциялық соты Алматы қаласы әкімдігі мен Әділет министрлігінің қайтадан берген шағымын қанағаттандырды.

Әкімдік Виктор Храпунов пен оның отбасының АҚШ-та тіркелген жалған компанияларына қатысты Калифорния сотына 2014 жылы талап-арыз берген болатын. Хан сарайындай үйлер мен қымбат көліктері алаяқ әкім қала бюджетінен ұрланған ақшаға алды дейді Алматы басшылары. Негізі, бұған дейінгі арызды сот қабылдамай тастаған еді. Ал апелляциялық шағымды әкімдік Әділет министрлігімен бірге жасаған. Айта кетейік, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйлә Храпуноваға қатысты Қазақстанда бірнеше қылмыстық іс қозғалған.

Олжас Рамазанов, ҚР Әділет министрлігінің ресми өкілі:

-АҚШ соты Қазақстан Республикасының позициясымен келісті. Аталған шешім жемқорлықпен күрес саласындағы үздіксіз жұмыстың нәтижесі. Енді Алматы қаласының Храпуновтарға қарсы шағымы Калифорния сотында қарастырылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде