Дін істері министрлігінің лауазымды шенеунігі парамен ұсталды
Астанада кезекті атышулы тұтқындау! Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінде комитет төрағасының орынбасары Бауыржан Мусин пара алып жатқан жерінде ұсталды.
Автор: Досжан Маратұлы
31.03.2017
400 мың теңгені шенеунік көлігінің тартпасына тығып үлгерген. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро бұл параның бір бөлігі дейді. Негізі азаматтық қоғам істері комитеті төрағасының орынбасары 1 жарым миллион теңге ауызбастырыққа келіскен екен. Тергеу мәліметтеріне қарағанда, Бауыржан Мусин тендерді тамыр-таныстарына ұтып беріп, бұл еңбегі үшін жүйелі түрде пара алып отырған. Айта кетсек, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі жарты жыл бұрын құрылған болатын. Діни бірлестіктер мен ашық қоғам орнатуға жауапты ведомствоның беделіне осы жемқорлық дауының үлкен нұқсан келтірері сөзссіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!