{metadescription}
Дүлей дауыл Қарағанды облысын ойрандап өтті
Дүлей дауыл Қарағанды облысын ойрандап өтті

Дүлей дауыл Қарағанды облысын ойрандап өтті

Қазақстанның орталық аймағына ауысқан дауыл Қарағанды облысын ойрандап өтті. Дүлей желге 6 әкімшілік ғимарат пен көпқабатты 5 тұрғын үйдің шатыры шыдас бермей, ұшып кеткен. Аялдамалар қаңбақша домалап, құлаған шатыр мен ағаштар 5 бірдей көлікті зақымдады.

Секундына 22 метр жылдамдыққа дейін жеткен жел облыс бойынша осындай көптеген үйдің шатырын ұышырып әкетті. Мәселен, Сәтбаев қаласында тубдиспансердің, ал Нұра ауданы орталығында мәдениет үйі мен балабақша шатырлары желге ұшты. Қарағанды қаласында да осы жайт. Мұнда теміржол және медициналық колледж ғимараттары бүлінген. Ал, емхананың дауыл жұлған 550 шаршы метр жабындысы көршілес тұрған жер үйді басып қала жаздады. Қайта есік алдында жүрген үй иесі қашып үлгерген.

Эдуард Кропотов, Қарағанды қаласының тұрғыны:

-Боран басталғанда сыртқы шарбақтың есігін жауып жатқанмын. Шатырдың көтерілгенін көрдім де үйге қарай қаштым. Артынша мен тұрған жерге мына жабынды түсті. Барлығын жинап алғанша үйден шыға алмай қалдық.

   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде