{metadescription}
Петропавлда төбесінен су аққан жұрт шенеуніктерден көмек сұрады
Петропавлда төбесінен су аққан жұрт шенеуніктерден көмек сұрады

Петропавлда төбесінен су аққан жұрт шенеуніктерден көмек сұрады

Петропавлда көпқабаты үйдің тұрғындары он жылдан бері шұрқ тесік шатырдың зардабын тартып отыр. Сыз тартқан қабырғалардан ауру табамыз деп қорыққан олар төбені талай рет өздері жөндемек болған екен. Алайда онысынан түк шықпапты. Ал, халықтың тұрғын үйді жаңғырту бағдарламасына қатыспақ болған шешіміне шенділер балта шапқан. Қазынада бұл мақсатқа қаржы жоқ деп қысқа қайырған олар.

Валентина Калинина түні бойы көз ілмеймін дейді. Шатырдағы қар ери бастағалы күнұзаққа күзететіні мына төрт шелек. Кешелі бергі аяз ғана қарды қайта қатырып, қарияның қолын босатқан. Бірақ мұның уақытша екенін түсінетін ол өзімен бірге тұратын немерелері үшін алаңдайды.

Валентина Калинина, Петропавл қаласының тұрғыны:

-Түнімен ұйықтамай су төгіп шығамын. Қолқаны қабатын иістен үйде демалу мүмкін емес. Қабырғалардың бәрі сыз. Немерелерім ауырып қала ма деп қорқамын. Былтырғы жөндеуге кеткен есіл ақшаны айтсаңызшы. 

-Шатырдан аққан су электр желілерін де зақымдапты. Қазір жоғары қабаттарда жарық жоқ. Бірақ тұрғындар қараңғылықтан емес, өртеніп кетеміз бе деп қорқады.

Отыз жыл бұрын салынған бұл үйде пәтер иелері кооперативі жоқ. Ал тұрғын үйді модернизациялау бағдарламасының шарты бойынша бұл ұйымның болуы мінетті. Осыны түсінген тұрғындар әкімдік жанынан құрылған кооперативке әдейі тіркеліпті. 

Светлана Чепурная , Петропавл қаласының тұрғыны:

-Біздің үй бұл бағдарламаға кіруге дайын. 64 пәтердің 48-і қол қойып, шатыр үшін ақша төлеуге келісті. Ендігі кезек шенділерде, бірақ олар қозғалар емес.

Шенеуніктер сметаны да созбалаңға салды деген тұрғындар, өздері тәуелсіз сарапшылар шақыртыпты. Олар төбеге 19 милион теңге керек дегенде шошынғанымен, амал жоқ көнген. Бірақ, ЭКСПО өтпейінше, тұрғындарға тесік шатырдың астында отыра тұруға тура келеді.

Дәулет Қалиасқаров, Петропавл қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы:

-Биыл аймақтарды дамыту бағдарламасы бойынша респуликалық бюджеттен бір тиын да бөлінген жоқ. Былтыр да солай болған. ЭКСПО-ға байланысты деп түсіндірді бізге. Алдағы жылы қаладағы 25 үйді жөндейміз деп жоспарлап қойдық. Оның ішінде осы үй де бар. 

Шенділердің айтуынша, бұл 25 үйді жөндеуге жарты миллиард теңге қажет. Ақша жоқтығынан биыл шөптің басын да сындыра алмаймыз деген олар халыққа шыдаудан басқа беретін кеңесіміз жоқ дейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде