{metadescription}
"Ақтөбе" футбол клубының директоры қамаудан босатуды талап етті
"Ақтөбе" футбол клубының директоры қамаудан босатуды талап етті

"Ақтөбе" футбол клубының директоры қамаудан босатуды талап етті

Ақтөбеде жергілікті футбол клубының бұрынғы бас директоры мен облыстық спорт басқармасы экс-басшысына қатысты сот басталды. Клуб басшысы Дмитрий Васильевке қазынаның 240 миллион теңгесін жымқырды деген айып тағылып отыр. 

Ал облыстың спорт саласына жауапты Ескендірбек Маханов клуб акционерлерінің рұқсатынсыз Васильевке сұраған ақшасын берген дейді прокурорлар. Тек мұнымен де келісіп отырған жоқ. Өйткені, клубтың жалғыз акционері – облыстық қаржы басқармасы. Ал олар бюджеттің әр тиыны қайда кетіп жатқанын жақсы білді дейді ресейлік маман. Әрі клубқа бас директор болып келгенде Васильев жалақы көлемін облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың өзімен келіскен екен.

Дмитрий Васильев, «Ақтөбе» ФК бұрынғы бас директоры:

-Тағылған айыптың бірде бірімен келіспеймін. Тергеу біржақты жүргізілген. Ал қаржы басқармасы жәбірленуші тарап бола алмайды. Өйткені акционерлік қоғамның футбол маусымы кезінде құрылуының өзі заңсыз. Сондықтан сот ісін мүлдем тоқтату керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде