Шахандағы апаттан кейін із-түзсіз жоғалған от жағушының ақыры өлі денесі табылды
Қарағанды облысына қарасты осы кент маңында жатып жатқан Мейрамбек Жиенбаевтың мүрдесін тұрғындар көріп, полицияға хабарлаған.
Автор: Асыл Әділханұлы
03.04.2017
3 айдан бері таптыртпай жүрген от жағушы үсіп өлген сыңайлы. Өйткені, денесінен ешқандай зорлық белгілері табылмапты. Десе де, сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Естеріңізге салсақ, 1-ші қаңтарда Шахандағы көпқабатты үйлердің бірінде қазандық жарылып, бір подьезд тұтастай опырылған. Салдарынан 9 адам қаза тапты. Ал апаттың себебін білуі тиіс бірден бір адам – от жағушы із-түзсіз жоғалған болатын. Мейрамбек Жиенбаевты полицейлер қанша іздегенмен от жағушыны таба алмады. Айта кетейік, марқұм Қарағанды облысына нәпақа табу үшін Өзбекстаннан отбасымен көшіп келген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!