Петербордағы жарылыстан соң Алматы метросында қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Ресейдің Петербор қаласында жойқын жарылыс болды. Жергілікті ақпарат құралдары 10 адамның өлгенін хабарлап жатыр. Қаза тапқандар саны әлі өсуі мүмкін. Өйткені, жарақаты ауыр жолаушылар көп. Қазірдің өзінде 30 шақты адам ауруханаға жеткізілген.
Автор: Асыл Әділханұлы
03.04.2017
Ал жарылыс метроның екі жері - «Сенная алаңы» мен «Технология иниституты» станцияларында тіркеліпті. Куәгерлер метро бекеттерінің іші қою қара түтінге толып қалғанын, құтқарушылар адамдарды қауіпсіз жерге шығарып жатқанын айтады. Бомба вагондардың ішіне қойылған деген болжам бар. Зардап шеккендер арасында Қазақстан азаматтары бар ма, жоқ па оны осы Петербордағы бас консулдық өкілдері анықтап жатыр. Көмек қажет еткен Қазақстан азаматтары экрандағы телефонға хабарласа алады.
8-812-335-25-46
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!