{metadescription}
Cемейде көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады
Cемейде көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады

Cемейде көпбалалы отбасы шенеуніктерден көмек сұрады

Cемейде көпбалалы отбасы саяжайдағы апатты үйде тұрып жатыр. Баспаналарының төбе жабындылары шіріп, кей қабырғасы құлап та қалған. 7 баламен барар жер, басар тау таппаған отағасы қақыраған қабырғаны ретке келтіріп, сыртынан тіреп қойыпты. Бірақ тозығы жеткен үй кез-келген уақытта бүтіндей бір отбасын басып қалуы ғажап емес.

Жетім бұрышты жағалағаннан мезі болған, көпбалалы отбасы мына жер телімін кезінде өздері сатып алған екен. Тек ел қатарлы баспана тұрғызуға қалталары көтермеген. Амалсыз жаздық үйді ретке келтіріпті. Қазір саз балшықтан тұрғызылған қабырға қақырап тұр. Оның үстіне, төбесіне төселген ағаш құрылғылары да сын көтермейді. Шіріп кеткен діңгектерді тіреп қана қойған.

Әнуар Оразханов, ұлы:

- Әкімшіліктен көмектесуін сұраймын.

Динара Алпысбаева жеті баласының күнделікті асына тапқан-таянғанын талғаждау етіп отыр. Сондықтан өзге босағаны паналауға жағдайлары келмейді.  

Динара Алпысбаева, көп балалы ана:

-Мемлекет тарапынан күміс алқа алып отырмын. Соның ақшасы және жолдасым жұмыс істейді. Оның 32 мың жалақысы түкке жетпейді. Отының, балалардың оқуы, киім-кешегі бар дегендей.

Ал ел қатарлы баспана кезегіне тіркелгендеріне бір жыл ғана болған. Енді оның қашан келетіні белгісіз. Бірақ мамандар көпбалалы отбасыға қолдау білідіріп отырғанын алға тартты. Айтуларынша, мемлекеттік бағдарлама шеңберінде бір жыл бойы ай сайын 90 мың теңге төлеп келген.

Әмина Мусинова, Семей қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы:

-Егер отбасы «Өрлеу» бағдарламасында болса, екінші рет қатыса алмайды. Құқықтары жоқ. Олар 18 жасқа дейінгі жәрдемақыға тапсыруға болады. Алайда өздері келмеді.

Десе де, тозығы жеткен апатты үйді арнайы коммисия тексеріп қорытынды шығармақ. Оны күткенге дейін қөпбалалы отбасы атымтай жомарт азаматтар қаржылай қолдау көрсетсе дейді. Өйткені комиссия келгенше үй құлап қала ма деп үрейленіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде