Павлодарда кітаптар су астында қалды
Павлодарда облыстық кітапханасының жылу батареясы жарылып, екі мыңнан астам кітап бүлінді. Оқиға таң ата болғандықтан, күзетші дабыл қаққанша су жайылып кеткен.
Автор: Әйгерім Шакаманова
05.04.2017
Сөйтіп, ыстық судың екпінімен кітапқа толы 7 бірдей сөре құлапты. Кітапханашылар енді сол малмандай су болып бүлінген жазбаларды қалай қалыпқа келтірерін білмей бас қатырып жатыр. Бүлікген әдебиеттер қыруар қаржыға мемлекеттік тапсырыспен алынған екен. Қазір апаттың нақты себебі мен шығын көлемі анықталып жатыр.
Шолпан Шаяхметова, Павлодар облыстық кітапханасының басшысы:
-Билік органдарынан ақша сұраймыз. Өйткені, өз күшімізбен істей алмаймыз. Суда қалған кітаптарды енді сақтай алмаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!