{metadescription}
Алматыда балдызын зорлап, айуандықпен өлтірген қаскөй кінәсін мойындады
Алматыда балдызын зорлап, айуандықпен өлтірген қаскөй кінәсін мойындады

Алматыда балдызын зорлап, айуандықпен өлтірген қаскөй кінәсін мойындады

34 жастағы азамат Алматы облысындағы жалдамалы пәтерінде болған жантүршігерлік оқиғаны тергеушілерге тәптіштеп айтып берген. Ол әйелінің 17 жастағы сіңлісін жыныстық қатынасқа мәжбүрлегенімен қоймай, буындырып өлтіріпті. Тіпті оның денесін кілемге орап, сол пәтерге жасырған. Ал өзі қашып кетіпті. Бірақ қаскөй көп ұзамай Шығыс Қазақстан облысында жүрген жерінен құрықталды.

Оқиға «Асыл арман» кешеніндегі осы үйде бірер күн бұрын тал түсте болған. 34 жастағы азамат оңаша қалғанын пайдаланып, үйіне қонақ болып келген балдызына тиісіпті. Ол алдымен өрімдей қызды зорлап, кейін буындырып өлтіреді. Қаскөй сол кезде ішімдікке тойып алғанына қарамастан, өзінің айуандық әрекетін жатқа біледі.

Дәурен, күдікті:

-Потом я ее задушил там сразу. Верх не снимал ничего. Только низ. Надел, все. Пошел на балкон, взял палас. Расстелил, положил, вот так закрыл, скотчем с двух сторон заклеил. И под диван положил.

Дәл осы кезде күдіктінің 2 баласы далада ойнап жүріпті. Ол балдызының сүйегін жасырып, ұлы мен қызын ұйықтатып та үлгерген. Кейін оқиға орнынан із суытыпты. Ал бұл кезде кәмелетке толмаған қызды жақындары іздей бастаған. Ал полиция осы жездесін бірден басты күдікті ретінде таныпты.

Әлихан Құлбаев, Қарасай аудандық ІІБ тергеушісі:

-Жездесі тұрып жатқан жалдамалы пәтер тексерілді. Ал ол жерден кәмелетке толмаған қыздың өлі денесін таптық. Бірақ күдіктінің өзі оқиға орнында болмай шықты.

Ал қабырғаның әр жағында болып жатқан қылмысты көршілердің бірде-бірі естімеген. Осы оқиғадан кейін көрші-көлем далаға шықпақ түгілі, есігін ашуға әбден қорқып қалған. Айтуларынша, бұл мұндағы алғашқы жантүршігерлік жағдай емес.

-Басқа жаққа көшуді ойлап отырмыз. Шошып қалдық.

Ал аяусыз өлтірілген Әйгерім Қожахметова 11-ші сыныпта оқып жүрген. Қылмысын тәптіштеп айтып берген азаматтың сөзінше, ол 10 минуттай қарсылық білдіріпті. Тіпті қаскөй өз құрбаны болған қыздың қандай болғанын да беті бүлк етпей айтып отыр.

Дәурен, күдікті:

-Сама по себе девчонка, даже когда разговариваешь сидишь, не слышишь что она говорит. Ну потихоньку разговаривает, такая была.

Тәртіп сақшылары күдіктіні Шығыс Қазақстан облысында жүрген жерінен ұстаған. Қазір жантүршігерлік оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде