{metadescription}
 Елімізде электр энергиясы әзірге қымбаттамайды
 Елімізде электр энергиясы әзірге қымбаттамайды

Елімізде электр энергиясы әзірге қымбаттамайды

Еліміздегі электр энергиясын таратушы компаниялар арасында жаппай қысқарту болғалы жатыр. Энергетика министрлігі жұртқа жарық жеткізіп жүрген делдал мекемелерге талапты барынша күшейтпекші. Сөйтіп,   ұсақ-түйек компаниялар біріктіріледі. Қазір Қазақстанда қуат көзін бөлетін 160 мекеме бар. Оның үстіне мыңдаған шақырым желі иесіз жатыр. Министрлік адам өміріне қауіпті осы электр сымдарына да қожайын тауып бермек. Егер жоспар жүзеге асса, тариф те арзандайды екен.

-Елімізде электр энергиясын тасымалдайтын компаниялардың көптігі соншалық, жарық арадағы делдал бес мекемеден өтіп барып тұтынушыға жетеді. Әсіресе, Қарағанды облысында ұсақ-түйек компаниялар өте көп.

Бұл өңірде электр тасымалдаушы 42 ұйым бар. Маңғыстау, Ақмола, Алматы облыстарында да шағын компаниялар жетіп артылады. Ал арада делдал көп болған сайын тариф те қымбаттай береді. Сондықтан Энергетика министрлгі заңға өзгеріс енгізіп, Мәжіліске алып келді. Құжат күшіне енсе, талап күшейеді. 

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Диспетчерлік менеджментті кіргізу керек. Мамандарды оқыту керек.. Тиісті жабдықтар болу керек.

Бұл талаптарға сай келмейтін фирмаларға аудандық электр станцияларына бірігуге тура келеді. Жалпы елімізде электр энергиясын тасымалдайтын 160 компания бар. Энергетика министрлігі олардың 30 пайызға жуығын қысқартпақ. Делдал азайған соң тариф те арзандайды.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

-Күшейтілген талаптар 5 жылдың ішінде енгізілетін болады. Әртүрлі өңірде әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, басымдық Қарағанды, Маңғыстау облысына беріледі. Осы жақта ұсақ-түйек компаниялар көп.

Бірақ Бозымбаев жарық құнының нақты қанша пайызға төмендейтінін айтпады. Ал Электр энергиясы қауымдастығы төрағасының айтуынша, министрліктің қатаң талаптарына ұсақ компаниялар мүлдем дайын емес. Заңға өзгеріс енгізгеннен, мекемелерді лицензиялау тәртібін қайта енгізген әлде қайда тиімді дейді ол.

Шаймерден Оразалинов,  Қазақстан Электр энергетикасы  қауымдастығының төрағасы:

-Лицензияны сақтау керек еді. Тиісті талаптарға жатпаса, оған ешкім тариф бермейді. Рұқсат бермейді, амалсыздан. 

Ал бірігуден бас тартқан компанияларға айыппұл салынады, тіпті, тарифті бірнеше есеге төмендетіп, мекеменің жұмыс істеуіне кедергі келтірілмек. Сондай-ақ, елімізде 2 мың шақырымнан астам иесіз электр  желісі мен 600 жуық трансформатор бар екен. Депутаттар қожайыны жоқ осы желілерден қауіптеніп отыр.

-Жаңа заң қабылданған соң, министрлік иесіз желілер мен трансформатрларды да ірі компаниялардың меншігіне бермек. Мұндай желілерді алған мекемелер табыс және мүлік салығынан босатылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде