{metadescription}
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған әйел сот алдында жауап бере бастады
Ақтөбеде жаңа туған сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған әйел сот алдында жауап бере бастады

Ақтөбеде жаңа туған сәбиін 60 мың теңгеге саудалаған әйел сот алдында жауап бере бастады

Бөбекті бауырына басқысы келген әйел мен екі арада делдал болған сотталушының құрбысы да айыпталушы орындығында отыр. Олардың бәріне тағылған айып біреу.

33 жастағы Жанна Ақаласованы жүкті кезінде жігіті тастап кеткен. Пәтер жалдап, жұмыссыз жүрген ол перзентханадан шыққан бойда, баласын жетімдер үйіне өткізбек болыпты. Негізі үлкен ұлын да кезінде осында өткізген екен. Сөйтіп, ол ойын құрбысымен бөліседі. Ақыры танысымен ақылдаса келе бөбегін тірі жетім еткенен гөрі, баласыз біреуге берген жөн деп ұйғарыпты. Баланы асырап алуға келіскен 55 жастағы әйел 60 мың теңгені бергенін растап отыр. Ол қаншама жылдан бері екі келінінің бала көтере алмай, немереге зар болғанын айтады.  Ақшаны жас босанған келіншекке көмек ретінде ұсындым деп ақталуда. Саудаға түскен 3 айлық сәбиге Әділ деген есім берілген. Қазір ол жетімдер үйінде.  

Жанна Ақаласова, сотталушы:

-"Баламды сатамын" деген ойымда болған жоқ. Мен оны толық отбасына бергім келді. Анасы бар, әкесі бар. Өзім де әке-шешем жоқ болғасын, сол қиындықты  көрмесін дедім. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.