БҰҰ Сирияға жасалған химиялық шабуылға Ресейді айыптап отыр
Біріккен Ұлттар ұйымы Сириядағы ушыққан жағдайға байланысты нақты бір шешім қабылдай алмай отыр. Олар тек 72 адамның өмірін жалмаған химиялық шабуылды айыптаумен шектелді.
Автор: Олжас Байжан
06.04.2017
Әуеден соққы жасалған кезде улы газ бомбасын қай тараптың қолданғаны да нақтыланбаған. Оппозиция мен Үкімет бұған бірін бірі кінәлауда. Батыс ақпарат құралдары химиялық шабуылды Ресейдің көмегімен Башар Асад әскері жасады дейді. Өйткені, айғақтар көп екен. Ресми Мәскеу әрине мұны мойындаған жоқ. Хан-Шейхун қаласындағы химиялық шабуыл сейсенбі күні жасалған болатын. 72 адам зарин газына ұқсайтын улы қоспаға тұншығып өлді. Оның біразы балалар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!