{metadescription}
Петерборда тұрғын үйлердің бірінен жарылғыш зат табылып, жұрт тағы бір дүрлігіп қалды
Петерборда тұрғын үйлердің бірінен жарылғыш зат табылып, жұрт тағы бір дүрлігіп қалды

Петерборда тұрғын үйлердің бірінен жарылғыш зат табылып, жұрт тағы бір дүрлігіп қалды

Күш құрылымдарына маңайды қоршауға алып, адамдарды шұғыл көшіруге тура келген.

Бұл пәтерде негізінен Орта Азия елдерінің тумалары тұрған екен. Куәгерлердің сөзінше, солардың үшеуінің қолына кісен салыныпты.  Ресейлік басылымдар арнайы операция барысында Акбаржон Жалиловтың сыбайластары қолға түскенін хабарлауда. Петербор метросындағы жарылысты жасаған осы Қырғызстан тумасы болатын. Пәтерде табылған жарылғыш та сол метродағы бомбаға ұқсас екен. Естеріңізге салсақ, сәуірдің төрті күні Петербордың жерасты жолындағы лаңкестік әрекет 14 адамның өмірін жалмаған еді. Оның біреуі отандасымыз Максим Арышев. Петерборда оқыған үшінші курс студентінің мәйіті Алматыға ертең жеткізіледі.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде