{metadescription}
Қызылорда әкімінің көлігін ұрлап әкеткен  жігіт Нұрлыбек Нәлібаевтың үйіне басып кірмек болған
Қызылорда әкімінің көлігін ұрлап әкеткен  жігіт Нұрлыбек Нәлібаевтың үйіне басып кірмек болған

Қызылорда әкімінің көлігін ұрлап әкеткен жігіт Нұрлыбек Нәлібаевтың үйіне басып кірмек болған

Қызылорда әкімінің «Lexus-іне» мініп алып, полицейлермен атысқан адамға қатысты жаңа дерек шықты. Қала әкімнің баспасөз қызметіндегілер айтқан ақпаратқа қарағанда, 25 жастағы жігіт көлікті әкімдіктің гаражынан күш көрсетіп ұрлап әкетіпті.              

Сөйтіп жүргізушісіне қару тақап отырып, шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың үйіне қарай тартқан. Қолында қаруы бар жігіттің қала әкімдігінің гаражына қалай баса-көктеп кіргені белгісіз. Ал артынан қуған полицейлерге оқ атып, біреуін жаралаған болатын. Қару кезенген жігіттің өзі қазір қамауда. Бірақ «қылмысқа алдын-ала дайындалған», «кісі өлтіруге оқталды», «қарақшылық» және «билік өкіліне қарсы күш қолданды» деген бірнеше бап бойынша іс қозғаған полициейлер күдіктіні мұндай оқыс қадамға не итермелегенін нақты айтпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде