{metadescription}
Елімізде донор іздеп шаршаған адамдардың мұңы көп
Елімізде донор іздеп шаршаған адамдардың мұңы көп

Елімізде донор іздеп шаршаған адамдардың мұңы көп

Бауырларынан бауыр сұрап жүр! Донор іздеп шаршаған науқастардың туыстары енді жақындарына өз ағзаларын бере бастаған. Өйткені өлген адамдардың көбінің ағайындары мұндайға келісе бермейді. Осыдан кейін 150 адам бауырына бауыр берген. Сырқаттардың көбі сәби болғандықтан, ата-аналары донор болыпты. Ал денсаулығы жарамағандары ағайындарынан ағза сұрап жүр екен.                                        

Балсезімнің туыла сала бауыры істемей қалған. Шақалағына донор іздеп шырылдаған ата-ананың жасамағаны қалмаған.  

Марал Байымбетова:

-Алғашқыда донор таппай  интернет арқылы іздедік. Онда бізге қымбат бағалар айтты. Бір жігітпен сөйлестік, ол 3 миллион деді. Менің жолымды төлейсіңдер, операция үстінде ақшамды бересіңдер деді. Қасымда адам болады деп айтты.

Бірақ жас отбасының жағдайы болмапты. Ал қайтыс болған адамдардың туыстары балаға бауыр беруден бас тартқан. Өздерінің де қан тобы тура келмепті. Сәбиінің өмір сүруіне небәрі 3 ай қалған жанұя амалсыздан ағайындарынан бауыр сұраған.    Десе де сәбидің жолы болып, көп туыстың ішінде жездесі жомарттық танытқан.

Асылбек Бертай, донор:

-Жылап жүрген аядым. Бауырымды бердім  осы қыз аман болсын деп. Барым да нарым да қайным үшін..

Ал кезекте әлі 500 науқас тұр екен. Көбі – жаңа туған шақалақтар.  Туыстары келіскенімен көп жағдайда денсаулықтары жарамайды. Әрі трансплантацияға тірі адамның ағзасын алу кереғар келеді екен. Десе де дәрігерлер бұған амалсыздан барып отырғандарын айтады. Өйткені қайтыс болғандардың туыстары дінді алға тартып, донорлық туралы естігісі де келмейді екен.    

Бекболат Баймаханов, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бас хирургі: 

-Дін қарсы емес бұған.  Бір жағынан бұл сауап. Егер бір адам қайтыс болғаннан кейін 6-7 адамға қайта өмір сыйлап жатса, одан артық сауап жоқ деп ойлаймын.

Ағзасы дұрыс істемей, ішіне су толған ауыр науқастарды әзірге туыстары құтқарып тұр. Бауырын бөлісіп, бауырының өміріне араша түскен сондай 80 адамға дәрігерлер бүгін бір-бірден медаль берді.  

Ал бауырмал туысы жоқ науқастар болса, әрі қарай да тынысы біткенше донорын тоса беруге мәжбүр. Тек бауыр ғана емес, елімізде 5 мың адам бүйрек, 60-қа жуығы жүрек трансплантациясына мұқтаж екен. Олардың қасіретін күнде көз алдында көріп жүрген ақ халаттылар қайтыс болған адамдардың дене мүшесін алу туралы рұқсатты депутаттардан сұрамақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде