{metadescription}
Астаналық имамдар мешіт ішінде туған күнін тойлаған  Қарақат Әбілдинаның шектен шыққанын айтты
Астаналық имамдар мешіт ішінде туған күнін тойлаған  Қарақат Әбілдинаның шектен шыққанын айтты

Астаналық имамдар мешіт ішінде туған күнін тойлаған Қарақат Әбілдинаның шектен шыққанын айтты

Елге танымал әнші Қарақат Әбілдинаның мешіт ішінде мейрам жасаймын деп басы дауға қалды. 39 жасқа толған туған күнімен қосып қазақтың «құрсақ шашу» дәстүрін жаңғыртпақ болған әртістің Құдай үйінде хормен ән салуы халықтың наразылығын тудырды. Жұрт мұсылман әдебіне жат амалға жол берген мешіт имамдарын айыптаса, енді бірі Қарақаттың шектен шыққан әрекетін сынға алды. Бұған кім кінәлі? Ал Құдай үйінде сауық салуға шариғатта рұқсат бар ма?

Өнерде  есімдері елге мәлім,  орамал таққан қыз-келіншектер жай жерде емес, мешіт астындағы мейрамханада ән салып отыр. Аста-төк дастарханның басында  жалғыз еркек, туған күн иесі Қарақаттың  жары  Қыдырәлі Болманов қана болды.  Оны  да қыз-қырқын  домбырамен емес, даңғаза әнмен қарсы алып жатыр. Халықты ашындырғаны да осы. Мешіт қызметкерлері танымал әншіге туған күнін  әрі кетсе ұлттық аспаппен сүйемелдеп, адал жолмен атқаруына рұқсат беріпті.

Қуат Мінуаров, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб-имамы:

-Қарақат ханым "құрсақ шашу" дәстүрін жаңғыртамын деп рұқсат алған болатын. Ол жерде біздің ұстазымыз уағыз айтты. Алайда соңғы жағы Қарақаттың  әндеріне  ұласты. Алайда біз оған рұқсат бергеніміз жоқ.

Дегенмен, әншінің өзі Алла үйінде  ән салғаннан әбестік көрмейтін сыңайлы. Тіпті ол ниетім түзу еді деп ақталды. 

Қарақат Әбілдина, әнші:

- «Өзім аяғым ауыр болған соң ба білмеймін, жүрегім бір тазалықты қалады. Туған күнімді таза жерде мешіттің мейрамxанасында өткізуге аңсарым ауды. Ішімдегі періштем тазалықты сезінсін, құранның әуезіне балқысын деген әппақ ниет еді. Тек қана қыздар бас қосып, төгілтіп орамалдарын тағып келсе, елдің алдында жүрген арулар ақ жаулықтарымен отырса қазақтың қанша қыздарына үлгі де болады ғой деп ойладық»

Мешіт астындағы мейрамханада құдайы ас беруге, ораза кезінде ауыз аштыру, түрлі той-домалақтар өткізуіне рұқсат бар. Ас мәзірі екі мың теңге мен алты мың теңге аралығында. Басты талап іс-шаралар шариғат шеңберінен аспауы керек. Яғни дастарханға ішімдік қойылмауы тиіс, эстраданың сүйемелдеуімен ән айтылмауы керек.

Ал дінтанушылар мұндайға мүлдем жол берілмеуі тиіс дейді.

Кеңшілік Тышхан, дінтанушы:

-Бұндай іс-шараларға "халал" деп ат қою дұрыс нәрсе емес. Жалпы дін деген судың бөгені сияқты нәрсе. Оған иненің көзіндей тесік ашсаң, бөген бұзылады.

Ал Қарақат Әбілдинаның  «қазақтың қыздарына үлгі болады ғой деп ойладық» дегені, дінбұзар өнеге болуы мүмкін дейді мамандар. Енді осы даудан кейін "Әзірет Сұлтан" мешіті осындай отырыстар кезінде даңғаза әннің қосылмауын қатаң қадағаламақ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.