{metadescription}
Оралда екі жылдан бері қырық шақты отбасы қаңғып жүр
Оралда екі жылдан бері қырық шақты отбасы қаңғып жүр

Оралда екі жылдан бері қырық шақты отбасы қаңғып жүр

Олардың құлағалы тұрған баспаналарын әкімдіктегілер сүріп тастаған. Ал орнына тұрғызып береміз деген көпқабатты үй құрылысы әзір басталар емес. Мердігер компания өкілдері болса, қаржыдан тарығып отырғандарын айтады. Сондықтан тұрғындардың үйсіз-күйсіз әлі қанша уақыт жүретіні белгісіз.

Бұрын бұл жерде ескі төрт үй тұрған еді. Қабырғалары жарылып, кірпіштері сөгілген баспананы тұрғындар жыл сайын жөндеуден шаршаған болатын. Кейін оларды шенеуніктер жекеменшік серіктестіктің арқасында жаңа үймен жарылқаймыз деп қуантқан. Бірақ ескі шаңырақтарын сүріп тастағанымен, құрылыс басталар емес.

Надежда Сурова, Орал қаласының тұрғыны:  

-2015 жылдың соңында "жаңа пәтерлеріңе кіресіңдер" деп уәде етті. Бірақ ешқандай өзгеріс жоқ.

Үйлерін сүрер кезде әкімшілік пен құрылыс компаниясы тұрғындарға уақытша баспана ұсыныпты. Бірақ онысы құрқылтайдың ұясындай бөлемелер екен. Онда бірнеше шаңырақ бірге тұруға келіспей, қазір әрбірі әр жақта қаңғып жүр. Ал шенеуніктер жылдағы уәделерінен танар емес.

Марат Молдашов, Орал қалалық құрылыс бөлімінің басшысы:

-Фундаментінің асты құйылып, келесі жұмадан бастап құйылады. Биыл бітіреміз деп ойлаймыз.      

Былтырдан бері бұл құрылыстың басында ештеңе өзгермеген. Тек табаны төселгені болмаса. Ал іргетасының қашан құйылатынын құрылыс компаниясы өкілдерінің өздері айта алмай отыр.

Гүлсім Сарғойшина, құрылыс компаниясының заңгері:

- В связи с тем, что в стране кризис, экономический кризис, мы же сказали этот вопрос разрешиться.

- Из-за кризиса вы не хотите дом строить?

- Мы же не говорим, что мы не хотим дом строить, мы построим

Қазір Орал қаласы бойынша қырық үй апатты деп танылған. Оларды да жекеменшік серіктестік негізінде дәл осылай жаңа баспанамен қамту жоспарланыпты. Бірақ бұл бағдарламаның тиімділігіне өзге тұрғындар енді сенбей отыр. Өйткені алғаш қолға алған төрт үйдің құрылысының қашан бітері әлі белгісіз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде