{metadescription}
СҚО-да монополистердің бағаны өсіру жайлы ұсынысы қабылданбады
СҚО-да монополистердің бағаны өсіру жайлы ұсынысы қабылданбады

СҚО-да монополистердің бағаны өсіру жайлы ұсынысы қабылданбады

Солтүстік Қазақстан облысында 3 бірдей монополистің тарифті көтеру туралы ұсынысы кері қайтарылды. Әзірге теріскейліктер су, жарық және жол ақысын бұрынғыша ақы төлейтін болды. Алайда құзырлы орындағылар мұның уақытша екенін де жасырмады.

Өйткені қазір заңға сай монополистер тариф көтеру туралы ұсынысты жылына бірнеше рет жасай алады екен. Осы жолы жарықпен қамтамасыз ететін компания өз қызметінің құнын қалалықтар үшін 5, ал ауылдық жерде 4 пайызға өсірмек болған. Бәрінен де өңірді газбен қамтитын мекеменің әрекеті таң қалдырды. Олар өз қызметінің құнын бірден 30 пайызға өсіруді сұрапты. Сондай-ақ жолаушы тасымалы ақысы да әзірге бұрынғыша  65 теңге болып қалды. Оны да 80 теңгеге дейін көтеру туралы ұсыныс болған еді.

Арман Өтегенов, СҚО табиғи  монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау депараментінің басшысы: 

-Керек құжаттар тіркелмеген. Яғни , шарттар және басқа да құжаттар. Сондықтан бірінші сәуірден бастап тарифтер өспейді.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде