{metadescription}
 Қарағанды облысында су ағызып әкеткен ағайындылардың денелері табылды
 Қарағанды облысында су ағызып әкеткен ағайындылардың денелері табылды

Қарағанды облысында су ағызып әкеткен ағайындылардың денелері табылды

Қарағанды облысының Нұркен ауылында қызыл су ағызып әкеткен ағайындылардың денелері табылды. 4 күнге созылған іздестіру жұмысы барысында жағаға қатқан мұзды жарған соң ғана оларды табу мүмкін болған.  

37 жастағы марқұм Дархан Сәбитов кеше кешкі сағат алтылар шамасында мұздың астынан шығарылды. Ал 40 жастағы марқұм Сайран Сәбитов бүгін таңертеңгілік табылды. Ағайындылардың денелерін қарқыны қатты су ауылдан 2 жарым шақырымға дейін ағызып әкеткен. Денелері қатқан мұздың астына кептеліп қалған екен. Екеуінің де артында үш баладан қалды.  Оқиға былай болған еді: Қопа өзенінен өте алмаған малшыға ағасы көмекке келеді. Алайда, оны ағын су атымен бірге ағыза жөнелген. Мұны көрген інісі ағасын құтқармаққа ұмтылып, ақырында екеуі де суға кетті.

Ибрагим Күлшімбаев, Қарағанды облыстық ТЖД бастығы:

-Мұзды жарамыз ба деген ой болды. Бірақ мәйітке зақым түспесін деп  жағадан жардық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде