{metadescription}
Польша Смоленск түбіндегі әуе апатының құрбандарын еске алуда
Польша Смоленск түбіндегі әуе апатының құрбандарын еске алуда

Польша Смоленск түбіндегі әуе апатының құрбандарын еске алуда

6 жыл бұрынғы апатта ел президенті Лех Качиньский жұбайымен қаза тапқан еді.

Президент отбасынан бөлек ұшақта 85 билік өкілі болған. Жалпы, борттағы 96 адам түгел қаза тапты. Осыған байланысты поляктар таңнан бері Варшавадағы президент сарайының алдына, Качиньский мен әйелі жерленген Краковтағы Вавель корольдік бекінісіне гүл шоқтарын апарып жатыр. Ал, Польшаның қазіргі билігі осы апатқа қатысты жаңа зерттеудің нәтижесін жариялауға уәде етті. Айта кетсек, 2011 жылы сараптама ұшақ қолайсыз ауа-райы мен экипаж қателігінің салдарынан құлады деген тоқтамға келген болатын. Енді ресейлік әуе диспетчерлеріне кінә тағылуы мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде