{metadescription}
Мысырда лаңкестік шабуылдан өлгендер жерленіп жатыр
Мысырда лаңкестік шабуылдан өлгендер жерленіп жатыр

Мысырда лаңкестік шабуылдан өлгендер жерленіп жатыр

Сондай-ақ, бұл елдің халқы үш күн бойы аза тұтады. Танта және Александрия қалаларындағы қос бірдей жарылыстан кейін елде үш айлық төтенше жағдай жарияланып, қауіпсіздік шаралары да күшейтілді.

Мысырда жексенбі күні болған лаңкестік әрекеттерден елу шақты адам қаза тапты. Алғашқы жарылыс Танта қаласындағы Мар-Гиргис шіркеуінде болды. Христиандардың діни мерекесі өтіп жатқан жерге кіріп келген жанкешті беліне байланған жарылғышты іске қосқан. Салдарынан 31 адам қаза тауып, 70-ке жуығы жараланды. Арада бірнеше сағат өткенде Алдександриядан қаралы хабар жетті. Мұнда да лаңкес шіркеудің кіре берісінде өзін өзі жарып жіберген. Одан 17 адам мерт болды. Қаза тапқандардың жетеуі полиция қызметкері. Пирамидалар еліндегі жарылыстар үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобы өз мойнына алып отыр. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы оқиғаға байланысты Мысырдағы әріптесіне жеделхат жолдап, көңіл айтты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.