{metadescription}
Семейде жергілікті билік берген жерге үй салып алған тұрғындар жарыққа жарымай отыр
Семейде жергілікті билік берген жерге үй салып алған тұрғындар жарыққа жарымай отыр

Семейде жергілікті билік берген жерге үй салып алған тұрғындар жарыққа жарымай отыр

Бүгінде көшелеріне су жаңа трансформатор қойылып, бағаналар да тартылған екен. Алайда тұрғындар оның қашан іске қосылатынын білмейді. Айтуларынша, электор қуатын тарататын компаниялар өзара келісе алмай жатқан көрінеді.

-Жергілікті биліктен жер алып баспана салған 100-ге жуық отбасы 11 жылдан бері жарыққа жарымай келеді. Сондықтан олар жолдың қарсы бетіндегі тұрғындардан өздерін жарықпен қамтып алған. Алайда күнделікті тұтынған бір шам үшін ай сайын 11 мың теңге төлейді екен.

Бұл екі есеге артық. Әйтсе де, жұрт өздері үшін шамамен екі шақырым жерге сым тартыпты. Қазір осылай үш отбасы бір үйден жарық алып отыр. Бірақ  қожайын айтқан айтқан 11 мыңды олардың әрқайсысы төлеуі тиіс. Алайда сол қымбат жарық там-тұмдап қана жетеді екен.

Айжан Тоқанова, Семей қаласының тұрғыны:

-Ештеңе істемейміз. Залға кірсек, ас бөлменің жарығын өшіреміз. Пешке от жағамыз. Қыс бойы тефаль қолданбаймыз.

Сығырайған жарық тұрғындарды әбден титықтатып бітті. Тоқтың күші аз болғандықтан, олар тоңазытқыштарын далаға да шығарып тастағын. Ал үйде тұрған тұрмыстық техникалардың шаң-тозаңын сүртумен ғана шектеліп жүр.Ең сорақысы, балалар сабақ оқудан қалған.

Аида Байкенова, Семей қаласының тұрғыны:

-Қыркүйек, кейін ақпанда жарық қосамыз деген. Бағаналарды қойып, жұмыс жасап жатты. Кейін онысы тоқтап қалды.

Құрылыс жүргізген мердігерлер бағаналарды орнатып, электр жүйесін тартып беріпті. Көше бойына, су жаңа трансформаторды да құрып қойған. Тоқ та келіп тұр. Бірақ ол үйлерге қосылмаған. Ал жергілікті шенеуніктер бұл мәселенің шешімін табамыз деген сеніммен отыр.

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

-Қазір 61 абонентке есептегіш құрылғы орнатылды. Яғни жұмыстың 95 пайызы орындалған. Осы айдың 11-і күні «Шығысэнерготрейдтің» балансына өткізу жөніндегі мәселені қараймыз. Сонда барлығы шешімін табатын болады.

Жалпы, жүргізілген жұмыстарға 30 млн теңге жұмсалған. Енді атқамінерлер жарықсыз мекенді «Шығысэнерготрейд» компаниясының балансқа алуын күтіп отыр. Бұл мәселе шешілсе, мамырдың соңына дейін жарық берілуі тиіс. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде