{metadescription}
Алматы тұрғыны пәтерін қоқыс полигонына айналдырған
Алматы тұрғыны пәтерін қоқыс полигонына айналдырған

Алматы тұрғыны пәтерін қоқыс полигонына айналдырған

Алматыда бір топ тұрғын пәтеріне қоқыс жинайтын көршілерін жөнге сала алмай отыр. Өйткені, қалдықтың қолқа қабатын иісі көпқабатты үйді түгел жайлаған. Мұнда қазір тышқан мен тарақаннан да аяқ алып жүре алмайсыз. Ал, төбеден сорғалағанда, комуналдық сала қызметкерлері 5-ші қабаттағы сасық үйдің есігінен сығалаумен ғана шектеледі екен. Себебі, тау боп үйілген тұрмыстық қалдықтардан пәтерге аттап басу мүмкін емес.

Күн жылынса мына бір көпқабаты үйдің тұрғындарынан маза кетеді. Өйткені, қолқа қабатын иіс, тарақан мен тышқаннан есік-терезені тұмшалап құтылу мүмкін емес. Ал, бәріне кінәлі 5-ші қабаттағы көршілері екен.

Александр Гребенюков, Алматы қаласының тұрғыны:

-Көршіміз адам сияқты өмір сүруімізге кедергі келтіріп жатыр. Үйі толған қоқыс. Тамақ қалдықтарына дейін тасиды. Иістен тыныстау мүмкін емес.

Жібек Жүнісбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

-Төрт жылдан бері тұрам, төрт жыл бойы бізді топит етеді бесінші этаждан. Александр деген кісі Казаков. Үйдің бәрі толған таракан. Тышқандар пайда болды. Топит пастоянна үй бәрі сырость ...

Күтімнің жоқтығынан құбырлар да әбден тозып, екі күннің бірінде жарылады екен. Ал зардабын төменгі қабаттағы тұрғындар көріп жатыр. Ал Александр ата-анасы өлген соң жалғыз тұрады екен. Ешкіммен сөйлеспейді. Қоқысқа толы пәтеріне де тірі жанды жолатпайды.  Бесінші қабаттағы пәтердің есігі ашылғанда шулап жүрген көршілердің мұңын түсіндік. Жиналғандардың бәрі танауын жауып, бір-бір лоқсып алды.

Татьяна Усанова, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

-Пәтеріне сантехниктер кіре алмайды. Қоқыс бастан асады. Су құбырларының бәрі құрыған. Комуналдық қарызының өзі 600 мыңнан асып кеткен.

Жұрт жергілікті әкімдіктен де көмек сұраған. Бірақ, олар учаскелік полицейді жіберумен шектеледі екен. Бұл жолы да солай болды. Тек инспекторды танып алған Александр үйінен шыға салып басқаша сайрады.

Александр Казаков

-Мен қазір барлықтарыңның алдында уәде берем. Жақын уақытта бәрін қалыпқа келтірем.  Сосын таза үйге қонаққа шақырам. Осы уәдемде тұрмасам маған не істесеңдер де өздерің білесіңдер...

Салақ көршілері мен учаскелік полицейдің уәдесіне тойған тұрғындар енді сотқа жүгініп көрмек. Одан басқа жолды жұрт көріп отырған жоқ. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.