{metadescription}
Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды
Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды

Елімізде жүздеген мемлекеттік нысан тағы сатылымға шығарылды

Жекешелендірудің кезекті науқанын өткізуді жылдамдатып жатқан Үкімет бұл жолы 300-ден астам компания, зауыт пен фирмаларды жеке қолға өткізбекші.

Олардың жартысына жуығы Ұлттық компания активтері. Бір айта кетерлігі жекешелендіруге еліміздің ғана емес, шетелдің инвесторларын да көптеп тарту көзделіп отыр. Қазірдің өзінде Корея, Испания мен Ресейдің бизнесмендері науқанға қатысуға ниетті екен. Ал, былтыр мемлекеттің меншігінде болған 200-ге жуық кәсіпорын сатылып, қазынаға 51 миллиард теңге пайда түсіпті. Премьер-министр жекешелендіруді ашық әрі әділ өткізуді тапсырды.

Бақытжан Сағынтаев, ҚР премер-министрі:

-Нысандарды жекешелендірудің кестесі қайтадан жасалды. Онда әрбір компания, зауыт немесе ғимараттардың сатылымға қойылатын күні жазылған. Енді соны қатаң сақтап, науқанды ойдағыдай өткізу керек. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.