{metadescription}
Алматы облысында саяжайды топан су басып жатыр
Алматы облысында саяжайды топан су басып жатыр

Алматы облысында саяжайды топан су басып жатыр

Еріген қар мен жауын суы Ардагердегі қырыққа жуық үйдің ауласына кірген. Кей жерлерде оның деңгейі жарты метрге дейін жетеді. Сондықтан тұрғындар өз үйлеріне кіріп-шыға алмай қор болып отыр. Бұл аздай, саяжайда екі аптадан бері жарық та жоқ. Осының бәріне көндігіп келген жұрттың енді көшеге шығуына тура келді.  

Алматы іргесіндегі «Ардагер» саяжайының бүгінгі сыйқы осы. Күн жылынғалы бері бұл жердің тұрғындары белуардан су кешіп жүр. Өйткені еріген қар мен жаңбырдан кейін ойпаңда орналасқан барлық үйді су басып қалған.

Меңдібай Аспанбетов, саяжай тұрғыны: 

-Тақтайменен жүрміз. Тауық қораға да сонымен барамын.Монша су астында.  

Қызыл судың тереңдігі кейбір жерлерде жарты метрге дейін жетеді. Сондықтан саяжай тұрғындары шетінен баспаналарын тастап кетіп жатыр.  Өйткені кілкіген судан іргетас семіп, қабырғалары көгере бастаған.

Тұрғындардың жылда көретіні осы. Өйткені саяжайда су ағатын арық жоқ. Оны жол салған кезде талқандап тастаған. Соның кесірінен көлкіген су жан-жаққа жайылып, жертөлеге дейін кіріпті.

-Қазір "Ардагер" саяжайындағы 40-қа жуық ауланы дәл осындай су басып жатыр. Сондықтан жергілікті тұрғындар жанайқайын айтып жергілікті әкімдік пен құтқарушыларға хабарласқан екен. Алайда олардан еш қайыр болмапты. Сондықтан белуардан су кешкен тұрғындар жайылған қызыл суды мынандай құрылғының көмегімен өз беттерінше сорғызып жатыр.

Мыңнан астам отбасы тұратын саяжайдың бар мәселесі мұнымен бітпейді. Бұл жерде жарықтың жыры да жұртты мезі еткен. Жиі сөнетіні өз алдына, соңғы екі аптадан бері халық тіпті тас қараңғыда  өмір сүруде. Өйткені қарыз көп деп жарыққа жауапты мекеме өшіріп тастаған.   

Рәбиға Ержанова, саяжай тұрғыны:

-Кір жуа алмаймыз, тамақ пісіре алмаймыз, үй суық. Жарық жоқ, газ жоқ. Суды бермесе, енді өлеміз.

Жұрт ақыны дер кезінде төледік дегенімен, әркім оны өз бетінше емес, пәтер иелері кооперативіне өткізеді екен. Ал ондағы басшылыққа қазір екі адам таласып жатыр. Сондықтан тұрғындар да екіге бөлінген. Осының кесірінен жарықтың ақысы уақытында жиналмай, қарыз көлемі ұлғайып кетіпті.

Наталья Непочатова, пәтер иелері кооперативінің төрайымы:

-Барлық қарызды төлемейінше «АЖК» жарықты қоспаймыз деді. Ондағылар 27-ші наурызға дейін шыдап келді. Қазір қарыз мөлшері шамамен 9 миллион теңге. Жарық беру үшін біз кем дегенде 5 миллион 800 мың теңге төлеуіміз керек.

Алайда бұл соманы тұрғындар жинап беруге үзілді-кесілді қарсы. Өйткені бітпейтін қарыздан қараша халық әбден қажыған. Сондықтан олар бұл іске жергілікті биліктің араласуын талап етіп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде