{metadescription}
ЭКСПО қалашығында өрт сөндіру бөлімі ашылды
ЭКСПО қалашығында өрт сөндіру бөлімі ашылды

ЭКСПО қалашығында өрт сөндіру бөлімі ашылды

ЭКСПО-ның енді жеке өрт сөндіру бөлімі бар. Халықаралық көрмеге салынып жатқан нысандарда оқыс жағдай бола қалса, құтқарушылар 2-3 минутта жетеміз деп отыр. Қауіпсіздікке аса мән беріп жатқан жауаптылар алып рентген аппаратын да орнатыпты. Қалашыққа кіретін жүк көліктер алдымен сол жерде қатаң тексеруден өтуде.

ЭКСПО аумағындағы түрлі апаттардан жауаптылар сабақ алса керек, қауіпсіздікке аса мән беріп жатыр. Тіпті, көрмеге орай өрт сөндіру бөлімі салынған. Қалашыққа таяқ тастам жердегі депо ішінде тілсіз жауды ауыздықтайтын 6 техника мен 130-дан астам құтқарушы бар. Ал, құрылысқа 1 миллиард 200 миллион теңге жұмсалған.

Юрий Ильин, ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары:

-ЭКСПО қалашығында өрт шығып, немесе басқа да апаттар бола қалса, құтқарушылар 2-3 минутта жетеді. Яғни, көрме кезінде қауіпсіздікке осы бөлім қызметкерлері жауапты.

ЭКСПО-ның дәл жанынан өрт сөндіру бөлімінің салынуы бекер емес. Өйткені, құрылысы онсыз да аяқталмай жатқанда бір емес бірнеше рет өрт шыққан. Соңғы рет қызыл жалын - көрме кезінде түрлі концерт, форум мен конференциялар өтуі тиіс Конгресс холды шарпыған болатын.

Терроризмнен де төнетін қауіп көп. Сондықтан қалашыққа кірмес бұрын көліктерді тексеретін орталықтар бар. Тіпті, құм, топырақ секілді құрылыс материалдарын тасыған жүк көліктеріне дейін осы жерден өтуі тиіс.

-ЭКСПО қалашығына әкелінетін барлық тауарлар осы жерде тексеруден өтеді. Яғни, мына құрылғы барлық әуежайлардағы рентген апараты секілді тыйым салынған заттар болса, бірден белгі береді.

ЭКСПО-ға келетін адамдар да осы секілді қатаң бақылаудан өтеді. Ішке ішімдіктен өткір заттармен кіруге қатаң тыйым салынған. Жалпы көрме кезінде қауіпсіздікті ішкі істер, Ұлттық ұлан мен жеке күзет фирмаларының 9 мыңнан астам қызметкері сақтайды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде